Мазақ ету – біреуді сөзбен, жазумен, ишара немесе әр түрлі әрекеттермен
айыбын және кемшіліктерін ортаға шығару, кекету, содан зауқ алу деген сөз.
Мазақету адамдарда кездесетін жағымсыз, жаман мінездердің бірі болып табылады. Мазақ қылған адам, біреуді ренжітіп, көңілін қалдырады. Дінімізде Аллаhты мойындамаудан кейінгі ең үлкен күнә, адамның көңілін қалдыру, ренжіту болып табылады. Абыройына, намысына тиіп мазақталған адам мұны ешқашан оңайлықпен ұмытпайды. Осылайша адамдардың арасында дұшпандық пен араздық пайда болады. Халықтың тыныштығы бұзылады.
Аллаhу та’ала Құран Кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! Бір топ еркектер басқа еркектерді мазақ етпесін! Мазақ етілгендер өздерінен де қайырлы болып шығады. Бір топ әйелдер де басқа әйелдерді мазақ етпесін! Мазақ етілгендер өздерінен де қайырлы болып шығады. Бір бірлеріңді кінәламаңдар, бір-біріңе жаман лақап аттар қоймаңдар. Иман келтіргеннен кейін пасықтықпен аталу, өте жаман есім!.. Кімде кім тәубеге келмесе, міне солар өздеріне зұлымдық еткен адамдар» деп өзгелерді мазақ етуге тыйым салған. Сүйікті пайғамбармыз Салман Фарисиге: «Еш кімді мазақ етпе!» деп өзгелерді мазақ етпеуді бұйырған.
Көргеніміздей Аллаhу та’ала мен пайғамбарымыз, өзгелерді мазақ етуді, кекетуді, жаман лақап аттар қойылуына тыйым салған және бұл әрекеттердің жаман, күнә екендігін білдірген. Мазақ ету мен әзілдесуді бір-бірімен шатастырмау керек. Әзіл дегеніміз қарсыңдағы адамды ренжітпейтін, керісінше қуантатын сөз. Ал мазақ ету, мұның терісі және жаман, тыйым салынған сөз. Мұсылман - мұсылманның бауыры. Өзіне қаламаған нәрсесін, дін бауырына да қаламайды. Өзгелерді мазақ етіп, жаман лақап аттар қоюдың орнына, олардың қателерін дұрыстап, кемшіліктерін жасыру керек. Мазақ ету және ренжітудің нәтижесінде кек пен дұшпандық пайда болады. Ал адамға жағымды және көңілді көтеретін сөздер, бір-біріне болған құрметті, махаббатты, достықты арттырады.