Су ішудің әдебі

/upd/2015/0824/144040406255dad25ecc62a6.89657022.jpg

      Суды оң қолмен ішу керек. Ішетін суға қарап, сосын ішу керек. Суды үш жұтыммен ішу керек. Тыныс алғанда ауаны суға қарай емес, сыртқа беру керек, яғни дем алғанда ауызды стаканнан алу керек. Жазда салқын су ішкен жақсы. Өте мұздай су ішпеу керек. Сүйікті пайғамбарымыз салқын шербет ішкенді жақсы көретін еді. “Түрегеп тұрып ішпеңдер”,- деп айтатын еді. Жолаушы барлық суды түрегеп тұрып іше алады. Аш қарынға су ішпеу керек. Суды ақырындап, асықпай ішу керек. Ауыз толтырып, судың барлығын бір жұтыммен ішпеу керек. Қайнап тұрған нәрсені суытып ішу керек. Суға бір нәрсе түсіп кетсе, саусақпен немесе шимен алу оңай болса алу керек. Болмаса судың бір бөлігін төгу арқылы кетіру керек.