Қыздарға кеңес

/upd/2015/0820/144009134355d60ccfcf0c79.36253306.jpg

 

Бір әулеттің ашатұғын түндігін,
Келін болар туды саған күн бүгін.
Ашық-шашық жүре берме қарағым,
Жарқырап сан, көрінбесін кіндігін.
Білінбесін жүрген ізің басқаның,
Өріміндей болсын ісің таспаның.
Жалаң аяқ кердеңдеме ойқастап,
Жинақтаулы болсын әркез шаштарың.
Сыйлағайсың дәстүріңді жоралғы,
Тілегім сол қатарыңның бол алды,
Саған қарап сараптайды әкеңді,
Саған қарап сараптайды анаңды.

Жолдаған: Нышан Айдана 14 жас
Алматы қаласы