Құл ақысы

      Мұсылманның міндеттерінің бірі құл ақысына мән беру. Құл ақыларының

ең маңыздысы – ұстаз және ата-ана ақысы. Олармен әрдайым жылы жүзді, жылы

сөзді, жұмсақ мәміледе болуға, көмектеріне асығуға, олардың көңілдерінен орын алуға, разылығын алуға тырысу керек. Одан кейін көрші ақысы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне ақысы, үкімет ақысы, дос ақысы келеді.


      Ешкімге өтірік айтпау керек, ешкімді алдамау керек, өлшем құралдарын (таразы) дұрыс қолдану керек, жұмысшының айлығын маңдай тері кеппей жатып өтеу керек. Қарызын қайтармау, мінген автобус және осыған ұқсас көліктердің жол ақысын төлемеу қиянат болып табылады.


      Мойнында құл ақы қарызы болған адамның ғибадаттарын Аллаһу та’ала қабыл етпейді. Ол адам жәннатқа кіре алмайды. Кәпірдің ақысынан құтылу – мұсылманның ақысынан құтылудан да қиын болады. Сондықтан кәпір, мұсылман деп бөлместен барлығына жақсылық жасау керек, жамандық жасағандарға жамандықпен қайтармау керек. 


      Адамның өзгеге зиян тигізуі, мал-мүлкін ұрлауы және жеп қоюы, жала жабуы, ұруы, сөгуі, жаралауы, ақысыз біреудің баласына жұмыс істетуі, мазақ қылуы, ғабаттауы, ренжітуі, қолымен де, тілімен де қорлық көрсетуі құл ақысына жатады.


      Құл ақыларынан құтылу үшін ақы иесіне барып ақыларын өтеуі керек. Ол үшін ақы иесімен халалдасуы, оған жақсылық жасауы және дұға етуі керек. Егер ақы иесі қайтыс болған болса, оның балаларына, мұрагерлеріне ақысын өтеуі, оларға жақсылық жасауы керек. Егер мұрагерлері белгілі болмаса, сол мөлшердегі ақшаны кедейлерге садақа ретінде таратып, сауабын ақы иесіне бағыштауы керек.
      Хадис шәрифтерде былай делінді:


     «Мойнында құл ақысы болған адам өлмей тұрып ақысын өтеп, халалдассын! Өйткені ахиретте алтынның, малдың қадірі болмайды. Ол күні ақыларын өтеп болғанға дейін өз сауаптарынан алынады, сауаптары қалмаса ақы иесінің күнәлары оған жүктеледі.» (Бұхари)
     

      «Муфлис (банкрот) деген мына адам: қияметте амал дәптерінде өте көп намаз, ораза, зекет сауаптары болады. Бірақ кейбір адамдарға түрлі жолмен зияны тиген. Сауаптары бұл ақы иелеріне беріледі. Ақыларын өтеп бітпей тұрып сауаптары таусылса, ақы иелерінің күнәлары мұның мойнына жүктеліп жаһаннамға тасталады.» (Мүслим)

strong