Балалардың өлеңдері мен әңгімелері 2-бөлім

Жүрегі оның әрқашанда махаббат.
Сезімі оның тұнып тұрған шапағат,
Қимастықтан қоштасып ем жан ана,
Ренжісең кешіргейсің мені ана.

***
Алтынмен аптармын,
Күміспен қаптармын.
Бірақ та анамды
Ешкімге сатпаймын.

***

Ана деген бұл өмірдің тірегі,
Бала десе соғады ғой жүрегі,
Әрбір ана өз үйінің ұйтқысы,
Бір перзерт қой бар ананың тілегі.

***

Өмірге ана – бұлақ, ана – пана,
Өмірді өркендетер ана ғана,
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.

Береке Ақбота 10 жас
 Баян-Өлгей аймағы

***
Тәтем менің құндыздай,
Сәулелі түнде жұлдыздай.
Сағынамыз әрқашан
Ұмытпаймыз ешқашан

Қамбар Ақбота 10 жас
 Қызылорда облысы

***
Жаз келді,
Қиқулап қаз келді.
Асырсап ойнаймыз
Ойынға тоймаймыз.

Асаубаева Жасмин 11 жас
Құлан ауылы

 

***

Анашым
Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттым.
Сәби кезде болыппын мен жылауық,
 Сізді іздеп, талай-талай жылаппын.
Ана деген болмайды ма мейірімді,
Біздер үшін ана жүрек күйінді.
Ана үшін от пен суды кешсең де,
Жақсылығын аздық етер кейінгі.
Ана деген сөз мен үшін киелі,
Баласынын бар бақыты тілегі.
Ана деген құдіретті адамға,
Барлық әлем құрметпен бас иеді.

Қабдрахим Ұлмекен 13 жас
Қостанай қаласы

***
Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме!
Кітап мұқабасын бүлінбес үшін қаптап ал!
Кітап беттерін жыртпа!
Кітапқа сурет салма, жазба!
Тамақ ішіп отырып кітап оқыма!
Кітап беттерінің арасына қарандаш, қалам салма!


*** 

     Нансыз адам өмір сүре алмайды. Ас атасы – нан деп халық айтқан. Сондықтан нанды қадірлеу керек. Дастарханға бірінші нанды қояды. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

***

     Таусылмаңыз еш жүдеп, Қиналсаңыз тозыңыз. Табысқа тасымаңыз, намыска жасымаңыз, ешкімды кундемеңіз, ешкімді тілдемеңіз, ешқашан кек сақтамаңыз. Біреуді сыртынан жамандамаңыз, өсекті тыңдамаңыз. Жақсыдан үлгі алыңыз!

Айнур 8 жас. Екібастұз қаласы


Жосалы кенті

***
Отан
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған.
Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Жолдаған: Әлия Баянова 10 жас
Шымкент қаласы

***

    Бір күні апамды анам дүкенге нанға жұмсаған болатын. Апам дүкеннен нан алып келе жатқанда, апамның соңынан бір күшік еріп келген екен. Апам үйге нанды алып кіргенде соңынан күшік еріп келгенін айтты. Мен далаға жүгіріп шығып күшікті қарасам, сондай сүйкімді екен. Күшікті көргеннен, тамақ ішкім келмей кетті. Күшікке су беріп, күшікті қарап жүрдім. Біраздан соң әкем жұмыстан келіп, даладағы қараусыз ит-күшіктерді ұстауға болмайтынын айтты. Содан әкем тамағын ішіп алып, жұмысқа қайта шығып кеткен болатын. Әкем күшікті өзімен бірге ала кетіпті. Мен далаға шықсам күшік жоқ, анамнан сұраған едім, анам әкемнің күшікті өзімен бірге алып кеткенін айтты. Содан мен қатты жыладым. Бірақ көп ұзамай күшік үйді тауып қайтып келді.Сонда анам айтты, күшіктердің иіс сезу қабілеті жақсы дамыған деп. Әкем кешке жұмыстан келген соң күшікті үйге қалдыруға рұқсат берді. Күшікті жуындырып үстін тазалап берді әкем. Содан күшік біздің үйде. Менің Саққұлағым атанып, қазір біздің үйді күзетіп жүр.

Баққара Жұлдызай Батырбекқызы 4 жаста
Құлсары қаласы "Айналайын" бақшасының "Еркем-ай" ортаңғы тобының тәрбиеленушісі

***

    Аспандағы күн нұрынан жаралған, адамдарға жылы сәулесін таратқан айдай сұлу аққудай ақ тәтем. Оны әдемі ғып жаратқан алтын, күміс, жақұтқада теңесем, бәрі де жарасар жүрегі мейірімге толы ақ тәтеме адамдардың бәрі ұқсауға тырысар теңеймін мен ақ тәтемді тағы да аспандағы қол жетпейтін жұлдызға. Жұлдыз болып жарқырап жүріңіз, себебі сіз лайықтысыз бақытты болуға.

Амандықова Наргиз 12 жас
Арал қаласы

***

     Кітап – білім бұлағы. Кітап – білімнің қайнар көзі. Кітаптан қуануды, күлуді және қайғыруды үйренесің. Ата-бабаларымыздың нақыл сөздерін, мақал-мәтелдерді, салт-дәстүрлерді білеміз. Мен кітап оқығанды жақсы көремін.

Советова Айасыл 8 жас
Қарағанды қаласы

***

Жазда ауылға барамын демалуға.
Кейде тіпті еріп кетем қой бағуға.
Шөлмекпенен сүт берем әр күн сайын,
Жетім қалған кішкентай қозыларға.
Таңғы алтыда оянамын ұйқыдан,
Жеңгемді көрем бір топ малды суарған.
Отырар әжем таңғы ауамен құрт жасап,
Түрлі әңгіме тыңдайтынмын мен содан.
Шұбат, көже, құрт та жеймін армансыз,
Мен ауылға, ата-әжеме барғанда.
Болса да ауыл, өзен, көлсіз, ормансыз,
Арқау болды менің әсем жырыма.


Жолдаған: Қуаталиева Айсана 11 жас
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы

***

Дәрігер - ақ халатты абзал жан,
Емдесе сау болар жан мен тән.
Сіз жайлы жыр жазам, жүректен,
Сіз жайлы саламын әсем ән.

Жолдаған: Бағдатова Шұғыла Дарханқызы 8 жас
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Алтықарасу ауылы

***

      Сіз дос тапсаңыз, дос сізге әрқашан көмек береді. Сіз бір қиындық тапсаныз, дос сізге көмектеседі. Сосын досқа да жаксы нәрсені істесеңіз, дос та сізге жақсы нәрсе істейді. Досты ренжетпеу керек, жылатпау керек! Өйткені сендер доссыңдар әрқашан, онымен бірге жүру керек.

Тубагулов Сұлтан 9 жас
Қарағанды қаласы

***

Жаз келді.
Қуанамыз балаша біз,
Құстар сайрап,күн нұрынан нәр аламыз.
Асыр салып, мәз-мейрам боп,
Суға түсіп шаттана шомыламыз.

***

Анашым бір өзіңмен мақтанамын,
Сездірген мына өмірдің бал шырынын.
Өзіңсің өмірімнің бар мәні,
Мына өмірде сенің барыңа қуанамын.

Жолдаған: Әбдікерімова Жансая 9 жас 
Жетісай қаласы

***

     Менің атым - Ақниет. Мен 15 орта мектебінде білім аламын. Мен 3-ші сыныпты бітірдім. Менің мұғалімім - Раушан апай. Ол мейірімді, әдемі, білімді апай. Менің отбасымда 4 адам бар. Олар әкем, анам, мен және сүйкімді інім бар. Әкем солдаттардың басшысы. Ал анам - бастықтың көмекшісі, інім - балабақшаға барады. Менің туған жерім - Ақтөбе қаласы. Мен Қазақ елінде туылғаныма қуаныштымын. Менің туған жерім Ақтөбе қаласы - өте әдемі қала. Мен күн сайын үйімнің қасындағы стадионға дене шынықтырып, жүгіруге барамын. Ақтөбенің кешкі серуеніне не жетсің? Кей-кезде велосипед тебуге барамын. Не дегенменде денсаулыққа бей-жай қарамау керек. Мен осы өміріме қуаныштымын.

Ғалымбекова Ақниет 9 жас
Ақтөбе қаласы

***

Шабыт

Талантты адам - бар тірліктің заңгері,
Мүмкіндіктер шектеулі деп ұқпайды.
Ол да - сәби көре білмес әрнені
Таныс емес оған қирау, жұт, қайғы.
Ол жасайды мұрасы ғып ғаламның
Тобырларды таңдандырар ұлы істі.
Еңбегі мен туындысы адамның
Жүректерге нұр құюға тиісті.
Бөлене алсаң - адамға сол керегі
Еңбегіңмен ықыласына халықтың,
Құрмет, атақ - бәрі сонда келеді,
Тек қанаты мұқалмасын шабытың.

Жолдаған: Рысбек Гүлназ 8 жас
Қарағанды қаласы

 

 ***

Терезені аштым,
Есікті жаптым.
Айналама қарадым,
Әдемі неткен тамаша!

Ақбота 11 жас
Өскемен қаласы

***

Менің Жеті атам: Бекзат, Мұқсин, Сәрсенбек, Әлжан, Таңат, Ақпан.

Менің руым - Арғын, Қаракесек, Сарым, Құлық,

Мұқсин Жәнібек 10 жас
Қарағанды облысы Қоржынтүбек қаласы

***

Аю

Аю отыр партада,
Екі қолы қалтада.
"А" дейді "Б" дейді,
Ырға тілі келмейді.
***
Аю отыр партада,
Екі қолы қалтада.
Апай сабақ сұраса,
Ұйықтап қалыпты "масқара!"

Аманғалиева Дана 4 жас
Атырау қаласы

*** 

Бай мен кедей

      Ерте, ертеде бір сараң бай болыпты. Байдың өте кедей қызметшісі болыпты. Бай оған ақша төлемепті, тіпті бір үзім нан бермепті. Бір күні кедей байға былай депті:
     - Баеке, маған тым болмаса бір үзім нан бер, үйде балаларым аш отыр! - дейді. Сонда бай оған былай дейді:
     - Мен сенің бірде-бір сөзіңе сенбеймін,- дейді. Содан кейін кедей бай туралы елге бай туралы өтірік айта бастайды. Бай сол өтіріктің бірін естіп. Елге мазақ болмайын деп кедейдің ақысын төлейді. Осыдан Бай өзіне сабақ алыпты.

 Жолдаған: Мадина Маратовна 12 жас
Астана қаласы

*** 

Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Жаңа жылда жаңа жыр,
Жасыл шырша жанында
Қуанады балаша.

***

Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр,
Қалтасында шоколад
Оны жегім келіп тұр!
Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр,
Тақпақ айтқан балаға
Көп сыйлықтарын беріп тұр.

Жолдаған: Ділназ Аманғалиева 10 жас
Атырау қаласы

***

Мен табиғат бөбегі,
Еркін жанмын, еркемін.
Аузымда жастық өлеңі,
Еркелеп күйін шертемін.

Жолдаған: Абулбаева Мадина 10 жас
Актау қаласы

*** 

Темекі

Темекі арақ шарап
Ішеді біреулер қарап,
Ішеді біреулер қақсап, 
Бұл өмірден шаршап,
Темекі де арақта,
Бөлетеді рахатқа, 
Деп ойлайды адамдар,
Мұны шегіп надандар. 

Жолдаған: Сүлеймен Надыра 13 жас
Түркістан қаласы