Шүкір дейік

/upd/2015/0818/143991819555d36873ae62e4.79843797.png

Шүкір дейік Аллаға,
Деніміз сау жалғанда.
Кемде боп бір денеден,
Кейбіреу жүр арманда.
Жаман сөз, өсек етуге,
Құмар болып тұрамыз.
Арманы есту құс үнін,
Саңырау болып тұрған қыз.
Жалығып жүрк айғайынан Иманның,
Рок естуге жастардың бар құмарың.
Саңыраудың арманы бар бірақтал,
Ол әуенін есту ғана Азанның.
Тілі де жоқ дәмін татқан мылқаулықтың,
Жаман менен жақсыны айта алмайтын.
Тілі бар жаман сөзден арылмайтын,
Бірінің боқтау сөзін қайталайды,
Адамдар бар ата жұрттан ұялмайтын.
Тағыда бар бір сөзде айта алмас,
аман сөзді боқтау сөзді қайталамас.
"Лә иләһә иллаАллаһ"деп айтса болды,
Сол сөзіне мылқау жандар болады мәз.
Зағип жандар тағыда болады екен,
Бұл өмірге шынымен ақ құмар екен.
Көзі көрер адамға Лондон болса,
Бұларда Құран сөзі арман екен.
Аяғымыздың жүргені түнгі клуб,
Сол жерде отырамыз таңға қуып.
Кей кейде кісі өлтіру ге кіреміз біз,
Тұрамыз Алла алдында қайтып оңып.
Адамдарды кетеміз мүгедек қып,
Мешітке бармаймыз біз төрде тұрып.
Аяғы жоқ болса да арбаменен,
Барады аяқсызақ қара жолмен.
Мешітке барады олар түнделетіп,
Жетектеп ап перзентін Алла берген.
Садақа қып бір тиын да тастамаймыз,
Керексіз телефонға біз жинаймыз.
Алланың ақ жолына түсіп аңдар,
Жастық шаққа қайтадан оралмаймыз!

Жолдаған: Думан Жақуда 13 жас
Алматы қаласы