Бірге тамақтану

       Бірлікте береке бар. Бірлесе отырып жеген тамақтың құндылығы

жайында хадис шәрифтерде былай делінген: 


«Тамақты бірге отырып жеңдер. Көпшілікте (жамағатта) береке бар.» (Ибн Мажә)


«Бір кісілік тамақ екі кісіге, екі кісілік тамақ төрт кісіге, төрт кісілік тамақ сегіз кісіге жетеді. Аллаһу та’аланың мейірімімен берекесі көпшілікпен бірге.» (Мүслим)


«Ең жаман адам – тамақты жалғыз жейтін адам.» (И. Шарани)


«Тамақты бірге жеген адамдардың көңілдері (жүректері) жұмсарады.» (Хараити)


«Аллаһу та’аланың ең жақсы көретін дастарханы – айналасында қол көп болған дастархан.» (Табарани)


«Тамақтың қайырлысы – көпшілікпен желінгені.» (Хараити)


«Тамақты көпшілікпен бірге отырып жеңдер. Бір кісінің тамағы екі кісіге жетеді.» (Табарани)


       Кейбіреулер Йа Расулаллаһ, көп тамақ жесекте тоймай, тамақтың берекесін көре алмай жүрміз?” дегенде пайғамбарымыз алейһиссалам оларға былай дейді: «Сендер тамақтарыңды бөлек жейсіңдер. Тамақты бірге жесеңдер, “бисмилләһ” айтсаңдар, тамақтарың берекелі болады.» (Ибн Мажә)


       Тамақты бала-шағамен бірге жеу махабатты, сыйластықты арттырады. Көп балалар тамақты әкелерімен бірге жеу үшін әкелерінің жұмыстан келуін күтеді. Сондықтан балаларынан бөлек тамақтануды әдетке айналдырмау керек.