Балаларға базарлық

Білімге қадам бастым мен,

Мектеп есігін аштым мен.

/upd/2015/0615/1434353115557e7ddb78f001.59603471.jpg

Қолыма алып әліппе,

Парақтап бетін аштым мен.

А – дегенім аналар ғой ардақты.

Мінезі өте алтыннан да салмақты.

Ақ сүт беріп мына бізді өсірген,

Аналар ғой таң ғажайып ардақты.

Ә – дегенім әжелер ғой әдемі.

Ақ кимешек кисек көрінер әдемі.

Сөздерінің төркініне қарасақ.

Әрбір сөзі біздер үшін кәделі.

Б – деген ғой балалар ғой болашақ.

Балалардың өміріне жақсы көзбен қарасақ.

Өсер ұрпақ жақсы болып, бұл өссе.

Орындалды арман тілек бұл мақсат.

Амангелді Сәрсенбаев
Меркі ауданы