«Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы» демекші өмірімізде оқып білім алудың және білгенімізді жүзеге асырудың маңызы өте зор болып табылады. Олай болса әрдайым білімділікке ұмтылуымыз қажет. «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығасың» демекші жалпы білім беретін оқу ордасы ол – біздің мектебіміз болып табылады. Олай болса балалар үздік оқушы болуға тырысайық. Міне, біз бүгін сендермен үздік оқушы болудың сырларымен бөліспекпіз. Сонымен дайынбыз ба?
- Ұйқымыз қанатындай белгілі бір уақытта ұйықтауды әдетте айналдыру керек.
- Таңғы асты қалдырмауымыз керек. Таңғы асты ішпеген баланың сабақтың ортасында әлсіреуіне байланысты түсіну, қабылдау қабілеті нашарлай бастайды.
- Берілген тапсырманы сабақтың үстінде орындау керек.
- Сабақты жақсы түсіну үшін әрқашан мұғалімді тыңдап отыру керек.
- Түсінбеген жерлерімізді сұрау керек.
- Сабақта адамның ойын бөлетін нәрселерден (әңгіме, телефон) алыс тұру керек.
- Үзілісте миды тынықтыру керек.
- Міндетті түрде берілген тақырыптарды қайталап жүру керек.
- Теледидардың алдында немесе у-шудың ортасында отырып сабаққа дайындалмау керек.
- Кітапты жатып оқуды әдетке айналдырмау керек. Себебі кітап оқыған сайын ұйқымыз келіп тұратын болады.
- 4о-45 минут сайын демалып тұру керек.
- Үзіліссіз оқу тез жалығуға, әлсіреуге әкеледі.
- Үзіліс арасында теледидар көруге болмайды. Бір сағат ТВ көру екі сағат кітап оқудан да тез миды шаршатады.