Құстар адамның да, табиғаттың да адал досы, жанашыры. Олар үнемі құрт-құмырсқалармен қоректеніп, ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалап отырады. Соның ішінде әсіресе тоқылдақ, бұл құстың екінші аты- орман емшісі. Көктем мезгілінде құстар оралып, әнші құстар сайрап, айналаны түгел қуанышқа бөлейді. Аққу құстың сұлулығы тіпті ерекше, ол өзен-көлдерді, су айдындарын көрікті етеді. Бұл киелі құс. Сондықтан да барлық адамзат баласы, құстарды үнемі қамқорлап, оларға жем шашып, ұя жасап көмектесіп жүруі керек деп ойлаймын.
Жолдаған: Бағдатова Шұғыла Дарханқызы 8 жас
Ақтөбе облысы,Темір ауданы, Алтықарасу ауылы