4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні

     

/upd/2015/1105/1446708509563b051d0083e5.92149388.png

      4 маусым – қазақ елі үшін ерекше күн. Өйткені, бұл күн – Мемлекеттік рәміздер күні. Біздің мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, әнұран. Туда көк аспан, алтын күн және ою бейнеленген. Көк аспан аспанымыздың ашық болуын білдіреді. Алтын күнді көк аспанымызда жарқырап күн болсын деген ниетпен бейнелейді. Ал елтаңбада пырақ, шаңырақ, уық бейнеленген. «Пырақ» әрдайым еліміз биікке самғап, жетістікке жетуді бейнелейді. «Шаңырақ» еліміз бір шаңырақтай берекелі әрі тату болуын бейнелейді. Ал «уық» еліміздің шаңырағын әрдайым ұстап сақтап тұрады. Ал әнұранымыз – еліміздің мақтанышы. Әнұран авторлары, әні Шәмші Қалдаяқов, сөзі Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов. Біздің рәміздеріміз – мақтанышымыз!

Жолдаған: Алимбаева Асемай 11 жас
Алматы облысы, Талғар ауданы, Жалқамыс ауылы, №15 орта мектеп

*** 

     1992 жылдың 4 маусымы - ел тарихында ерекше мартебелі күн. Бұл күні Республика жоғарғы кеңесі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және елтаңбасын бекітті. Мемлекеттік туының негізгі элементі оның түсі. Ең көп таралған деректер бойынша қызыл ту - ерлік таныту, күрес, қауіп төндіру, бас көтеру және шу шығару деген ұғымды білдіреді.

Алибекова САБИНА 11 жас
Теміртау қаласы