Жалт қарату

      Қаратауда арық деген мол болады. Олардың көбісі төменнен басталса да, бірте-бірте тауға өрлегендей әсер қалдырады. Солардың көбісін қаздырған кезінде Шәкеннің әкесі Бектемір екен. Ол үшін тоған салынып, арыққа су шығатын жерден бастап есектің арқасына су толы ыдысты қаз-қатар теңдеп, болашақта арық түсетін жермен алып жүретін болыпты. Қай жерде сол су төгілер болса сол маңды орағытып өтеді екен. Сол есектің тұяғының түскен жерімен қазылған арықпен су сарқырай ағатын болыпты. Шәкен ел даналығын сол әкесінен үйреніпті деседі.

мойын      Бірде ұйықтап жатқанда қатты жастықтан мойыным қайырылып қалып, қатты азаптандым. Олай-бұлай бұрылу мүмкін емес, ауыратыны сонша екі көзімнен жас парлап қоя береді. Кенет апам: «Жақантай, атаң кеп қалыпты ғой» дегені бір апта бойы сағына күтіп жүргенімді білгендей. Жалт қарағанда алдап тұрғанын бірден түсіндім. Әйтсе де мойынымның ауырғаны сап басылыпты. Кейіннен білсем, мойны ауырғандарға сыпайы сұлуларға сәлем салдырып емдейді екен.

тоң май

ТОҢ МАЙДЫҢ ҚАСИЕТІ

      1990 жылдары жаз уағында Жезқазған облысында іс-сапарда болып, Ұлытау, Сарысу, Жеңіс, Жәйрем аймағын араладым. Алматыға қайтарымда жанымда болған азаматтар маған елдің дәмін ұмытпаңыз деп 3 литрлік шыны ыдысқа салған қуырдақ сыйлады. Кез-келген уақытта ішіндегісін шанышқымен алып жей бересіз, ешқашан бұзылмайды деп түсіндірді. Кейіннен байқап көрсем, бетіне тоң май құйған екен. Ол оған ешқашан ауа өткізбейтін болып шықты.

 Жарылқасын Боранбай