Үнемі шашылып жататын қарандаш, фломастерлерімізді бір жерде жинақы ұстау үшін қарапайым картоннан жасалған қаламсауытты қалай жасауға болады?
Негізгі бөлігі дайын қораптан, ал бөлімшелері дәретхана қағазының төлкесінен немесе жұқалтырдың (фольга) бірдей бөлікке бөлінген төлкесінен, бос қауашақ ыдыстардан тұратын бұл қаламсауытты жасау өте оңай және тез!
Ол үшін дайын немесе қолдан жасалған қорап, кардонды төлке, желім, қайшы, түсті қағаз бен безендіруге арналған заттар қажет.
Алдымен төлкелерді қорапқа орналастырмас бұрын қораптың сыртын безендіріп алу қажет. Ол үшін түсті қағазды сыртына жабыстырып, алуан түрлі (түйме, страз, мойыншақ, ою секілді) материалдармен безендіреміз. Кейін қорапшаға төлкелерді (бөлгіштерді) нығыздап орналастырамыз.
Осымен ашық түсті ерекше қаламсауыт әзір!