Бейбітшілік балалары

     Балалық шақ – адамның өміріндегі ең жақсы, көңілді және уайымсыз кез! Біз мектепте оқып жүрген кезімізде ойнауға, серуендеуге, достарымызбен араласуға мүмкіншілік бар әр сәтімізді бағалауды үйрендік. Біз – әлемдегі ең көңілді үш оқушы - Әмина, Алдияр және Неғмат балалық шағымыздан бастап өмір бойы дос боламыз деп сенеміз, себебі осы кездегі қызық уақыт ешқашан ұмытылмайды! Мысалы, 2012 жылдың қыркүйегі. Мектеп ауласында біреудің үш анасы балаларын іздеп жүр. Ол біз ғой жоғалған, аналарымыздың зәресін алып, спорт алаңының арғы жағында балалардың қолынан өлген байқұс кішкентай құсты көміп жүргенбіз.
Сол жылдың қазан айы. Біз жоғары сынып оқушыларын мектеп алдында қарсы алып, оларға туған қаламыз Алматыға деген сүйіспеншілік туралы жазылған жапырағы бар алма таратудамыз. 8 наурыз, 2013 жыл. Әмина аналарға арнап ән айтуда. Оның ең жақын достары Неғмат пен Алдияр артынан тұра қалып билеп, аналарды күлдіріп тұр. Әмина әрине достарына ренжімейді. Осының бәрін ұмытуға бола ма? Ал сол қыста біздің сынып Ұлы отан соғысының тыл ардагері Непшина Антонина Васильевнаға небәрі көмек көрсетеміз деп, бірінші кездесуімізге барғанымыз да бар. Әрине, сол кездесу соңғы болған жоқ. Есікті ақ шашты әже ашты. Оның күлімдеген көзін, ізгі назарын ұмытуға мүмкін емес. Бірақ, ең есте қалған нәрсе – оның аппақ қардай шашы. Неліктен ондай екен деген ойымызды түсінгендей, әжеміз әңгімесін бастады:
    «1941 жылдың 22 маусымында сонау алыс жаздың күнінде адамдар әдеттегі істерімен айналысуда болған. Үлкендер жұмыстарында, оқушылар мектеп бітіру кешіне дайындалуда болған, қыздар қуыршақтарымен ойнап, ұлдар ағаш аттарында шауып жүрген еді. Күтпеген жерден  осы күнделікті шаруашылық пен ойынды, тіпті өмірдің өзін бір алапат сөз – Соғыс түгелдей сызып тастады...» Біздің қаһарманымыз Непшина әжеміз соғыс басталғанда небәрі 11 жастағы қыз болатын. Сонда ол қазіргі біз сияқты жаста болған! Антонина Васильевнаның сөзіне қарағанда, соғыстың басталуы туралы хабар келгендегі туыстарын жаулаған үрей әлі күнге дейін есінде. Ол кіп-кішкентай қыз, соғыстың бар сұмдығын түсінбесе де әкесінің құшағында тыныштық іздеді – «Әке! Соғыс! Бұл жаман! Бұл өте жаман!» - деп қайталай берді, жақында өмірлерінің өзгеретінін сезгендей. Әкесі соғысқа аттанғаны есінде, ал әкесінің кішкене қызына ерте есеюіне тура келді.
     

/upd/2015/0416/1429198009552fd4b999e159.02752737.jpg

1941 жылы оның жанұясы Алматының түбіндегі «Луч Востока» колхозында құрылысы аяқталмаған, жылуы да, жарығы да жоқ үйде өмір сүргені есінде. Антонина Васильевна әлі де сол уақыттағы аштық пен суық сезімінен қорқатынын мойындайды. Қазіргі кезде, ол картоп пен тарыны тамаққа қоспайтын көрінеді, себебі бұлар соғыс кезіндегі үстелдегі жалғыз тағам болатын. Анасы тігін фабрикасында үлгіші болып тәулігіне 17-18 сағат жұмыс істейтін, майдандағы сарбаздарға киім тігілгенін білдік. 1943 жылы шайқаста алған ауыр жарақаттан әкесінің көз жұмғаны туралы алған хатын сақтауда. Әкесінің қазасынан кейін отбасына 180 сом (мысалы базарда нанның құны 250 сом болды) жәрдемақы тағайындалған болатын. Жанұясын қолдап, аштықтан өлмес үшін кішкентай Антонинаның да жұмыс істеуіне тура келді. Ол шабындықта жұмыс істеп, жеміс пен көкөніс жинайтын, көбіне бұлар майданға жіберілуші еді. Жұмысқа шығуға мәжбүр болған себептес нәрсе 1944 жылы соғысқа жалғыз ағасы шақыртылған екен, ол небәрі 17 жасында майданға аттанды. Отбасының бақытына орай ол соғыстан аман-есен оралды!
      2010 жылдың 27 сәуірінде қала әкімі Антонина Васильевнаға Жеңістің 65-жылдығына арналған медальды табыстады. Ол тыл еңбекқоры, мәртебесі ҰОС қатысушыларына теңестірілді. Антонина Васильевнаның қазіргі өмірінің мәні – марқұм болған туыстарының жарқын бейнесі мен екі немересі мен бүлдіршін шөбересінің болашағы. Әжеміздің ең басты әрдайым айтатыны – бір-біріңнің достықтарыңды үзбеңдер және еліміздің аспаны ашық болып, бейбітшілік туы жайнасын! Соғыстың уақытындағы сұмдықтың арасында әжеміз өз бойындағы мейірім және ашық жүзді пейілін сақтай білді. Қиыншылық пен төзімділікте өткен балалық шағынан ол тек адамдарға деген махаббаты мен аяныш сезімінің әсерін алды. Ол кісімен бірнеше рет жүздессек те, ешқандай шағым не болмаса кейісін естіген емеспіз. Біз одан барлық нәрседен тек жақсы жағын табуды үйрендік! «Бірдеңеге разы болмауға бола ма? Елімізде соғыс жоқ...Мен ең керемет елде, әлемдегі ең керемет қалада өмір сүрудемін!» - деп айтады әжеміз сол соғыстың балаларының атынан бізге – бейбітшілік ұрпақтарына.

Алхиева Амина
Жаңажол Неғмат
Мустафин Алдияр,
Алматы қаласының
Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназиясының
3 «б» сыныбының оқушылары