Ұлы Жеңіc

Ұлы Жеңіс

         Қазақстанда мамырдың 9 Жеңіс күні мемлекеттік мереке болып табылады. 1941—1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн Қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты. Жанқиярлық ерлігі мен батырлығы үшін 96638 қазақстандық жауынгер бірнеше дүркіннен орден және медальдармен марапатталды. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олардың төртеуі бұл атаққа екі мәрте ие болды. 142 жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері болды.
         Соғыстың 4 жылы ішінде Қазақстан мемлекетке 482,8 мың тонна астық, 217,6 мың тонна картоп, 143,2 мың тонна көкөніс, 1193,2 мың тонна қант қызылшасын, 155 ,3 мың тонна мақта тапсырды. Қазақстан еңбекшілері майданға 25 миллион дана жылы киім, Отан қорғау қорына 4 миллиард сомнан астам қаражат берді. Қазақстан майданға қорғасынның 85 пайызын, мыстың 30 пайызын, көмір мен мұнайдың барлығын өндірді. Сол ауыр жылдарда еліміз майданға 6 миллион тонна бидай, 797 мың тонна ет, 150 мың мініс жылқысын берді. Сондай ақ, республикамыз 4 миллиард сом ақша жинап, әскери техникалар мен қару-жарақтар сатып әперді.
Фашистік Германияның жеңіліске ұшырап, капитуляция актісіне қол қойылған күн 1945 жылдың 8-мамыры күні. Бірақ Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс күні 9-мамыр күні тойланады.

***

          Біз биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесін бүкіл халық болып тойлаймыз. Жеңіс... Осы сөзді естігенде тұла бойым шымырлап сала береді! Бұл сөздің мағынасын жете түсінетін ата-әжелеріміз аман жүрсе екен! Қаншама ерлер соғыс даласында қасықтай қандары қалғанша өз жерін, Отанын неміс басқыншыларынан қорғап қалды десеңші... Сол батыр аталарымыздың рухына тағзым етейік! Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Бауыржан, Әлия, Мәншүк, Рақымжандардың ерлігі бізге үлгі болмақ!

Жолдаған: Ахмет Жандос 8 жас
Павлодар қаласы

***

70 жыл болды еліме Жеңіс келгелі,
Төріне елдің тыныштық болып енгелі.
70 жыл болды бабалардың ерлікпен
Фашизмді ойсырата жеңгелі.
70 жыл толды күліп таңдар атқалы,
Қасіреттің жабылғалы қақпағы.
70 жыл болды ұрпақтары боздақтың,
Ерлікке арнап мәңгілік алау жаққалы.
Өтсе де қанша жылдар, мейлі, арада,
Ұлы ерлік мирас боп қалды балаға.
Көрмесек те, білеміз соғыс зардабын,
Бас иіп мәңгі жүреміз батыр бабаға.

Жолдаған: Бисебайұлы Санжар
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы
Казталовка ауылы

***

        Біз биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесін бүкіл халық болып тойлаймыз. Жеңіс... Осы сөзді естігенде тұла бойым шымырлап сала береді! Бұл сөздің мағынасын жете түсінетін ата-әжелеріміз аман жүрсе екен! Қаншама ерлер соғыс даласында қасықтай қандары қалғанша өз жерін, Отанын неміс басқыншыларынан қорғап қалды десеңші... Сол батыр аталарымыздың рухына тағзым етейік! Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Бауыржан, Әлия, Мәншүк, Рақымжандардың ерлігі бізге үлгі болмақ! 

Жолдаған: Ахмет Жандос 8 жас
Павлодар қаласы

 

***  

Ұлы жеңіс тарихы ұрпақ үшін,
Жетелейді тануға ердің ісін.
Төгілген жас, қиылған қыршын ғұмыр
Сездірер жеңіс жолы құнды екенін.

Сол жолда талай боздақ қанын төкті,
Қарсы тұрды көрсе де жаудан тепкі.
Кеудесін қалқан қылған жау оғына,
Шығарған асты-үстіне жер мен көкті.

Қайсарлық пен намысты қару қылған,
Бауыржан, Қасым ата үлгі маған.
Мәншүк пен Әлиядай мерген қызы,
Қырдың қызыл гүлі еді жұлынбаған.

Жетпіс жылдық жеңістің шежіресін,
Бүгінгі ұрпақ өзіне еншілесін.
Қан мен жастың өтеуіндей тарихты,
Оқығанда жас ұрпақ елжіресін!

Жолдаған: Нұрай Мұстафа 10 жас 
Қызылорда облысы, Арал қаласы

*** 
Жеңіс күніне
Тыныштығым тұп-тұнық мөлдіресін,
Елім деп ет жүрегің елжіресін.
Жеңіс күні баршаға құтты болсын,
Көк байрақ көк аспанда желбіресін.
Тарихы бар әр тауымда әр тасымда,
Қайтпас ерліктің нарқы осында.
Әлемде біз бақытты елге айналдық,
Бақадүр бабалардың арқасында.

Айқынбай Аймекен
Астана қаласы
№48 мектеп-лицейдің
2 «А» сынып оқушысы
Сынып жетекшісі: Темірбеков

***

Жеңіс келді далама, 
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі көп балаға.
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән беріп
Жеңіс келді алақай!!!

Аманкелді Бейбарыс
Астана қаласы
№48 мектеп – лицейдің
 3 «Г» сынып оқушысы
Сынып жетекшісі: Темірбекова Ж. С