Көктем

Көктем
Жылылықты сағынып құстар келді,
Қыстың сызы көктемде біраз селді.
Асқар таудың басынан су сарқырады,
Күннің нұры жерге түсіп жарқырады.
Күн күркіреп жаңбыр жауды көк аспаннан,
Бәйшешек пен жауқазын, раушаныңда.
Қар астынан сығалап жерден енді,
Қуанайық балалар, көктем келді!
 

Жолдаған: Жолдасқалиев Азамат 9 жас
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
 Боранқұл селосы.

***
Алақай, жадырап көктем мезгілі келді!
Құстар жылы жақтан ұшып келді.
Даладағы қарлар еріп, жылғалардан су ағады.
Адамдар жылы киімдерін шешеді.
Көктемнің алғашқы гүлі жауқазын шыға бастайды.
Мен көктем мезгілін жақсы көремін.


Диана Бауыржанқызы Әділова 7 жас
Ақтөбе қаласы
№32 мектеп-гимназия 2 «а» сынып

***
Күлімсіре көктен,  
Нұрын төккен көктем.
Жайдары өскен гулдерден,
Куанады бөпем.
Сол үшінде саған,
Мың алғыс жерден!!!
 

Дана 12 жас
Алматы қаласы

***
Көктем келді шуақты күндерімен,
Көктем келді арайлы таңдарымен.
Көктем қандай тамаша керемет қой
Құстар келіп, ағаштар бүршіктеген. 

Қар еріп те жатыр ғой айналамда 
Күннің көзі төгілген айналама
Сергітеді жаныңды, серпілтеді, 
Қандай ғажап бұл әлем айналада.

Құстарымның сайраған үні қандай,
Толқын атқан Ертістің суы қандай
Жан-жануар, адамзат таң-тамаша,
Жасыл кілем жамылған көк шалғындай.

Арман Жансая 14 жас 
Павлодар қаласы

***
Көктем, көктем,көктем,
Неткен сұлу көркем.
Қыс міне, кетіп барады,
Көктем орнын басады.

 Көгенбай Аружан 14 жас
Қызылорда қаласы

***
Таңы атты көктемнің,
Бәйшешектер гүлденді.
Жасыл кілем оранып,
Көктем келді қуанып.

Ақбота 11 жас
Ақтау қаласы