Ерлік ұмытылмайды!

     

/upd/2015/0924/14430380585603036a6d9ff8.98944949.jpg

   9 мамыр «Жеңіс күні» – тарихи күн. Мен соғысты көргенім жоқ. Мен Тәуелсіз Қазақстанда, бейбіт өмірде дүниеге келдім. Соғыс туралы кинодан көріп, кітаптан оқып білемін. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің қайтпас қайсарлығы мен өшпес ерліктері-бүгінгі ұрпақтар үшін үлгі. Жеңіс – біздің ата-бабалары-мыздың батырлығы, бұл күн табандылық пен ерлік мерекесі. Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы атамыз, батыр қыздар Мәншүк пен Әлия, Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев, ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованың ерліктерін неге ұмытамыз! Жеңіс күні – Отанға, туған жерге сүйіспеншілікті дәлелдеген күн. Соғыстың болуын қаламаймын, ардагерлерді мақтан тұтып, жадымыздан шығармаймыз. Ерліктері жадымызда қалып, өнегесі болашаққа күш, қуат, рух береді. Бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды!

 Альмусина Зарина
Астана қаласы
№48 мектеп-лицейдің
4 «Г» сынып оқушысы