Жасұлан мен Аслан ойнап жүрді. Жасұлан Асланнан үлкен. Кей кездері Жасұлан Асланды мазақтайтын. Аслан оған мән бермейтін. Жасұлан:
– Мынау таудың басына мініп-түсе аласың ба? - дейді. Асан:
– Мен биіктен қорқамын, - деді. Жасұлан оны қорқақ деп мазақтады. Аслан ренжіп үйіне кетіп қалды. Жол бойында бір қарияны көрді.
– Досыңды ренжітіп алдың ба?- дейді.
– Жоқ, мен оны ренжіткен жоқпын, ол мені мазақтады, - деп жауап берді.
– Досыңды кешіріп, тезірек достасып ал, - дейді қария. Аслан үйіне қайтып келді. Анасы:
– Досыңмен жақсы ойнадың ба? - деп сұрады.
– Жоқ, ол мені мазақтай береді.
– Сен далаға шығып ойна, мүмкін досың сенен кешірім сұрауға келе жатқан шығар, - дейді.
Жасұлан да үйіне барды. Анасы:
– Мен сенің досыңды ренжіткеніңді естіп қалдым, - деді. – Сен досыңнан кешірім сұра, - дейді.
– Жарайды, - деп далаға шығады. Екеуі бірін-бірі іздеп, тау етегінде кездесіп қалады. Жасұлан:
– Кешірші, мен сені мазақтамауым керек еді! - деді.
– Жарайды, ештеңе етпейді, мен қорқақ болмауым керек еді, - деді Аслан. Сөйтіп, екеуі таудың басына бірге шықты.
Амангельдина Данажан Ерболқызы 7 жас
Астана қаласы