Адамның өмір сүруі үшін ауа мен су ең басты элементтер болып табылады. Ішетін суды ақша төлеп сатып алуға болады. Бірақ, таза ауаны сатып ала алмаймыз. Біз өмір сүріп жатқан орта өкінішке орай лас ауа жұтуымызға, ауруға шалдығуымызға себеп болуда. Барлық адам таза ауа жұту үшін далаға шығады. Сырттағы ауаның үйдегі ауадан 15 есе таза екендігі анықталды.
Демалысқа шыққан кезде үй бос қалса да 15-20 күн ішінде заттардың үстіне шаң тұрып қалатындығы байқалады. Бұрын жерлерде кілем, көрпеше, диван, төсек, матрац, жамылғы, көрпе тысы, жайма және жастық тыстары көбіне ақ немесе ашық түсті болып, кірлегендігі тез аңғарылатын. Оларды жиі-жиі жуып отыратын. Қазір барлық үйлерде түрлі-түсті кілем, кресло, түрлі-түсті жамылғы комплекттері, төсеніштер, перделер кірі көрінбейтіндей сипатқа ие. Олардың түктерінің түбі кене, бактерия және қара күйеге ұя-мекен қызметін атқаруда.
Әйелдер шаңсорғышпен үй тазалаған кезде бастары ауырады және біраз терлейді. Бұл терлеуді шаршағандықтың белгісі деп ойлайды. Алайда, бұл терлеудің себебі шаң сору кезінде айналаға көп шамада ұшқан бактериялар мен вирустардың тыныс алу мүшелері арқылы ағзаға енуімен ағзаның қорғаныш механизмінің хистамин бөлуі және осының нәтижесінде жүректің артық шамада жұмыс істеуінен. Бұл жағдайда шаңға қарсы аллергия және бронхит бастамасы пайда болады. Аталмыш бактериялар мен вирустар адам терісі, тері қабыршағы және түк қалдықтарымен қоректенетіндіктен жатын бөлмелерде және төсегімізде олардың миллиондағаны өмір сүреді. Олар ашық тұрған тамақтың үстіне де қонады. Мысалы, қазандағы май, зәйтүн, ірімшік сияқты азықтардың үстін аз уақыт ішінде басып қалады. Жайлы мекен тапқаннан кейін тез көбейеді.
Шаңсорғыштар шаң мен бактериялардың тек ірілерін ғана шаң қалтасында ұстап, қалған ұсақ шаң тозаңдарын қайтадан ауаға үрлейді. Өйткені, шаң қалтасына келген ауа қайтадан сыртқа шығады. Шаң сорылып болғаннан кейін жиһаздардың үстінде шаң қалады. Бактериялар мен вирустар тыныс алу мүшелері арқылы өкпемізге барып, тіндерге жабысып, қан тамырларынан қан сорады. Уақыт өте келе тыныс жолы ауруына, бронхитке, одан соң астмаға айналуына себеп болады. Бұдан ең көп зиян шегетіндер әйелдер мен балалар.
Осы айтылған бактерияларды жоятын «Тазалық роботы» сумен ауаны тазалау жүйесі ретінде 1948 жылы АҚШ Наса ғарыш станциясында ғарыш құралдарының құрылуы кезінде қолданыла бастады. Жұмыс істеу жүйесі: кәдімгі шаңсорғыштардағы қалтаның орнына су қойылады. Күшті моторы арқылы сырттан тартылған ауаның ішіндегі шаң мен бактерияларды суға араластырып тазалап, сыртқа шаңсыз, таза ауа үрлейтіндіктен ауаны да тазалайды.