Мұғалім. Әліппе. Мен балдырған баламын

/upd/2016/0530/1464611526574c32c6aed948.31415288.jpg

Менің әкем мұғалім,
Айтқандарын ұғамын.
Мен де өскен соң әкемдей,
Жақсы мұғалім боламын.

Мадияр Ахметжанов 6 жас
Көкшетау қаласы

Әліппе
Қырық екі әріпті үйреттің әліппем,
Білімнің бастауы сенсің әліппем.
Әріптерді үйреткен әліппені құрметтеп,
Азамат болып ер жетем!

Санием Исламбекова
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы
1"в" сынып №16 лицей мектебі

Мен балдырған баламын
Мен балдырған баламын,
Талап қуған Данамын.
Өзім кішкентай болсам да,
Өлең жаза аламын.

  • Амангельдина Данажан Ерболқызы 7 жас 
  • Астана қаласы