Ардагерлерге

/upd/2016/0530/1464622127574c5c2fd4a078.16159860.jpg

Бауыржандай атамыз бар айбатты,
Әлиядай тәтеміз бар қайратты.
Елімізді жаудан аман құтқарып,
Фашисттерді бабаларым қиратты.

Осы күнге аман-есен жеткенге,
Мың да бір рахмет, бабаларым сендерге.
Ақыл-ойын даналығын жеткізген,
Үйретеді ұстаздар ғой біздерге.

Қырықыншы жылдардағы соғыстың,
Зорлығы мен зомбылығын көріпсің.
Қазір міне 21 ғасырдың,
Дамуына үлсесіңді қосыпсың.

Сонау қанды қырықыншы жылдағы,
Ескерткіштер ұмытылмай тұр мәңгі.
Алау жағып, дұға оқып кетерміз,
Есімізде мәңгі сақтап жүрерміз.

Нұрсұлтан Абдуллаұлы 11 жас
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылы