Шеберханада жұмыс істейтін ұста қарияның көмекшісі кез келген нәрсеге шағымдана беретін, өмірінен түңілген адам болатын. Бір күні қария оны тұз
әкелуге жұмсайды. Ол тұз әкелгенде қария бір стақан суға бір уыс тұз салып, «Ал енді, мынаны ішіп көр!»,- дейді. Ол іше сала, түкіре бастайды. Оған қария:
- Судың дәмі қандай екен? – дейді. Оған өкпелі күймен:
- Тұзы удай,- деп жауап береді. Ұста оған мырс күліп, оның қолынан ұстап, далаға ертіп шығады. «Ләм-мим» деместен дарияның жағасына ертіп әкеледі. Қария бұл жолы бір уыс тұзды көлге қарай шашып, «Ал енді, мына көлдің дәмін көрші!»,- дейді. Ол көлден су алып ішіп, иегінен аққан суларды қолымен сүртіп жатқанда қария:
- Судың дәмі қандай екен? – дейді. Ол оған:
- Сергітуші, дәмді, салқын, - деп жауап береді.
- Тұздың дәмі бар ме екен? – дейді. Ол:
- Жоқ,- деп жауап береді. Сонда қария дарияның жағасында отырған көмекшісінің қасына жайғасып:
- Бұл өмірде қиыншылықтар осы тұз секілді. Келетін қиыншылықтардың (тұздардың) мөлшері бірдей болады, аз да емес, көп те емес. Оның ауыртпалығы (ащылығы) оны қалай қабылдауымызға, қайда орналастыруымызға байланысты. Олай болса, басымызға бір қиыншылық келген кезде ең әуелі қиыншылық тудыратын сезімдерімізді кеңейту керек. Сол кезде ғана қиыншылықтармен күресе алатын боламыз. Олай болса, сен тұзды стақандай болмай, сергітуші дариядай болуға тырыс! – депті қария.