Адам денесі


/upd/2015/0822/144025060955d87af13f3df2.66366368.jpeg

  • Бүкіл адамның саусақ іздері бір-бірлеріне ұқсамайтыны секілді, тіл іздері де ұқсамайды.
  • Сәбилерде 350, ал ересектерде 206 сүйек бар.
  • Түшкірік ауада сағатына 161 км жылдамдықпен тарай алады.
  • 60-жастарда еркектердің 60 пайызы, ал әйелдердің 40 пайызы қорылдайды.
  • Адам өмір бойы 25 мың литр түкірік бөледі.
  • Ащы ішектің ұзындығы адамның бойынан төрт есе ұзын.
  • Адам ағзасындағы ең қатты зат тіс эмалі.
  • Денеміздің  әр сантиметр квадратында 32 миллионға жуық бактерия өмір сүреді.
  • Бір жұп аяқта 500 мың  тер безі болады.
  • Адамдар сағат сайын шамамен 600 мың (түлеген) тері партикулярын (бөлшегін) төгеді.
  • Қан жасушалары (екі жағы ойық) дисктер формасында болады.
  • Адам денесіндегі тамырлардың ұзындығы 96560км.
  • Мұрнымыз 50 мың түрлі иісті ажырата алады.
  • Асқазанның шырышты қабығының өмірі өте қысқа болғындықтан 3-4 күнде бір жаңаланады.
  • Адамның шаш қылдарының саны шамамен 100 мың болады. Сарғыш шаштыларда шаш көбірек болады.
  • Қолымыздың тырнақтары көп қолданылғандықтан тез өседі.
  • Адам 11 күн ұйқысыздыққа шыдай алады.
  • Әр мың нәрестенің бірі бір тісі шыққан күйде туылады.