Менің атым Әділжан. Жасым тоғызда. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында тұрамын. Ойыл қазақ орта мектебінің 3-сыныбында оқимын. Менің отбасым шағын, өте үлгілі. Әкем, анам, інім, мысығым бар. Әкем Ойыл қаржы бөлімінің бастығы, ал анам қазақ орта мектебінің психологі. Мен оларды жақсы көремін және мақтан тұтамын. Інім – бала бақша тәрбиеленушісі. Біз тату-тәтті өмір сүреміз. Менің отбасым – менің мақтанышым!
Әділханов Әділжан
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы 3 «а» сынып оқушысы