Айналайын балалар,
Алты жасқа толдыңдар.
Көп нәрсені білем деп,
Оқушы міне, болдыңдар.
Исламбекова Санием
№16 мектеп лицейінің 1"в"сынып оқушысы,
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы
Ата-анама
Әкем бар асқар таудай Аман деген,
Әке сөзiн әрдайым мақтан етем.
Түн ұйқысын төрт бөлiп әлпештеген,
Анашымның есiмi Гүлден деген.
Данияр Қуанышбаев 13 жас.
Ақтөбе облысы, Темiр ауданы, Шубаршы кенті