Жануарлар туралы таңқаларлық деректер. Ал сен өзіңе қандай жаңалық ашасың?
Қолтырауындар тас жейді
Бұған сену әрине қиын, бірақ шындығында қолтырауындар тас жейді. Осының арқасында олар суда тепе-теңдікті ұстайды. Сондықтан олардың асқазаны басқа тамақтардан бөлек таспенде толтырылады.
Киттердің сүті өте майлы болып келеді
Балалар, көздеріңе елестетіп көріңдерші: жаңа туылған киттің ұзындығы 9 метрге дейін жетуі мүмкін! Мұндай «кішкентай алыпты» тойдыру үшін анасы баласына майлылығы 50%-дай болатын 200 литрге дейін сүт беруі керек. Ал сиыр сүтінің майлылығы 4% шамасында.
Көртышқандар көре ме?
Сенде барлық көртышқандар соқыр деп ойладың ба? Таңқаларлық жайт, алайда бұл кішігірім жануарларда аздаған көру қабілеті бар. Оның көмегі арқылы көртышқандар жыртқыштардан қорғанады. Көртышқан інінде жарық көрсе, ол бұл үшін қауіпті белгі. Демек, үйге шақырылмаған қонақ келді. Сонымен қатар олар көздері арқылы ауа ағынын сезеді.
Палуан құмысқалар
Бұл кішкентай жәндіктің өзінің салмағынан 60 есе ауыр жүкті қалай көтеретіндігі басқа сыймайды? Міне, солай құмырсқалар – палуандар!
Пілдер – өте ақылды жануарлар
Кейбір пілдер сурет сала алады. Бұл күшті алыптар – әлемдегі ең ақылды жануарлырдың бірі. Олардың миының салмағы 5 кг. Пілдер қуанышты да, қайғыны да сезінеді. Оларды тіпті құралдармен жұмыс істеуге үйретуге болады.
Тотықұстар расыменде сөйлейді
Ұзақ уақыт бойы бәріміз тотықұстардың сөзімізді мағынасыз қайталай беретіндігіне сенімді болдық. Алайда бәрі олай емес. Ғалымдар олардың кіші мен үлкенді, ұқсас пен бөлекті ажырата алатындығын дәлелдеді. Сондықтан бұл ашық түсті қанаттылар біздің сөзімізді ішінара түсіне алады екен.
Акулалардың тісі 10 күнде өсіп шығады
Адамдардың тісі өмірінде бір рет қана ауысса, акулалар тістерін өте жиі ауыстырады екен (бұл өмірінде 30 000 шамасындай тіс). Бұл таңқаларлық құбылыс емес, өйткені олардың жаңа тісі 10 күнде өсіп шығады.
Көбелектердің иіс сезімі жақсы дамыған
Көбелектер гүлдердің хош исін ондаған шақырым алыстықта сезе алады. Олар мұны мұрындарымен емес (ол жоқта), қанаттарының көмегі арқылы сезеді екен!
Құстар көші
Сен құстардың алыс қашықтыққа көшіп, қалай жаңылмай келетіндігін ойлап көрдің бе? Кейбір қанаттыларға, мысалы арктикалық қарлығашқа 40000 км-ге ұшуға жердің магниттік өрісі көмектеседі екен.