Ақиық ақынға

/upd/2014/0924/141155448454229cb4eb8341.97552861.pngҚазақтың бас ақыны Абай ата,
Танылған бар әлемге ұлы дана.
Өсірді талай көсем, талай шешен,
Жинаған сөз маржанын қалай ғана.

Абай ата - құдіретті данышпан,
Бар қазаққа ақылымен танылған.
Әр өлеңін, асыл сөзін, жырларын,
Қазағымның ұрпағына қалдырған.

Ұлы Абай, сен пірімсің, ұлағатым,
Әр сөзің саф алтыннан құралатын.
Өзің салған сара жол қазақ үшін,
Тұнық бастау, мөлдір бұлақ нәр алатын.

Абай ұлы, Абай кен, Абай асқар,
Абай ұлық мәңгіге ізін тастар.
Абай жолы қазақтың қан тамыры,
Болашаққа сеніммен жолын бастар.

Қазақ елі Абайменен танылған,
Ешқашанда өшпейді ел жадынан.
Уайым жеген қазақ үшін қаймыққан,
Сондықтан да ел ағасы саналған.

Қолыма қалам алып толғанайын,
Қан тамған туған жерді еске алайын.
Өмірден өткен-кеткен бабалармен,
Ағайын ұрпағына жол салайын

Жырлаған талай ақын елін, жерін,
Жайқалған жапырағын, жасыл шөбін.
Өзіңдей дарынды ақын болмасам да,
Бабамның жолын қуған ізбасармын.

Арман Жансая 14 жас Павлодар қаласы