Арманыңа жақында

Қазақстандық жетім балалардың арманы - Италия қаласында орындалды. 2014 жылғы «Арманына жақында» атты жетім балалар арасындағы II республикалық чемпионат өз мәресіне жетті. №1  Алматы обылыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері ұмытылмас апталықтарын Италия қаласында өткізді.

/upd/2014/0908/1410175629540d928d30faf2.48337108.jpg

Алғашқы күні балаларды Милан қаласы «нұр жауып» нөсерлі жаңбырымен қарсы алды. Көп ұзамай ашық күнде балалар серуенге шықты. Алғашқы көрікті мекендері Витторио Эмануэле галериясынан басталды. Милан қаласындағы ескі ғимараттардың бірі - Сфорца сарайы мен танымал Леонардо да Винчидің туындылары сақталған - Амброзиана көркем сурет галериясында аралады.

/upd/2014/0908/1410175702540d92d6e821d8.69085564.jpg

Екінші күні балалар командасы Гарда өзеніне барып, «Гардаленд» ойын-сауық саябағының түрлі аттракциондарында қызықтарға бөленді. Қалаға қайтқан жолда балалар өздерінің алған әсерлерімен жол бойы бөлісіп, ұнаған аттракциондарын айтудан жалықпады.

/upd/2014/0908/1410175724540d92ecef6044.47534436.jpg25 тамызда балалар «Милан» футбол клубы мен «Сан Сиро» стадионы және «Mondo Milan» клубтарын аралауға шықты. Стадионды көруге асыққан балалар ерте барып, дене жаттығуларын жасап, алаңды айнала жүгірді. Жолнұсқаушы(гид) өзінің жұмысын бастаған соң, балалар барлық ақпаратпен танысып, футбол өтер алдында және өткен соң болатын конференция залын және футбол ойыншыларының киім шешетін бөлмелерін көрді. Оларға қызықты болғаны соншалық Кака, Шевченко, Балотелли сынды танымал ойыншылардың отырған орнына отырып, әлемдік таңдаулы ойыншы атануға деген үміт оты ұялады.

/upd/2014/0908/1410175769540d9319437175.91007799.jpgСтадионнан шыққан команда футбол клубының музейіне бағыт алды. Жаңадан ашылыған ғимараттың бірінші залында ойыншылардың ең алғашқы футбол киімдері, аяқ киімдері мен алғашқы жасалған футбол келісім-шарттары орналастырылған. Екінші бөлмеге бағыт алғанда көрмеге келушілер қысқа түсірілген голограмма- филімін көре алды.

/upd/2014/0908/1410175821540d934d87cb72.33320856.jpg

Келесі бөлмеде балалар танымал ойыншылардың мақтауларын, суреттері мен соққан голдарын интерактивті тақта бойынша тамашалады. Соңғы бөлме « Алтын доп» иегерлеріне арналған зал болды. Барлық балалар әр бір алтын допты назар салып көріп, болашақта сол доптың иегері атансақ деген арманмен аралады. Көптен күткен серуен Бразилиядағы әлемдік чемпионаттың добы  - Бразука ескерткішімен аяқталды.

/upd/2014/0908/1410175838540d935e73a9e3.70041034.jpgКелесі күні балалар үйінің тәрбиеленушілері «Миланелло» ойын алаңына барды. Қақпа алдында «МИЛАН» жанкүйерлері жиылып, өз ойыншыларын көруге асығып тұрды. Балаларды жетекшілер ойын алаңына апарды. Тәртіп бойынша олардың шуылдамауын сұраған еді, бірақ Хонду, Аль-Шаарави, Де Йонга және Лопес көргенде жас ойыншылар өз эмоцияларын ұстай алмады. Жаттығуда жүрген ойыншыларға үзіліс берілгенде балалармен суретке түсіп, тіпті команда жаттықтырушысы Филиппо Индзагимен қол алысты.

 

/upd/2014/0908/1410175968540d93e06fa7c0.01600703.jpgМіне, осылай қазақстандық жетім балалардың Италиядағы аз болса да, ерекше демалыстары футбол әлеміне шынайы үңілумен аяқталды. Олар жарқын болашаққа үлкен үміт артып, армандарының орындалады деген сеніммен елге келді. Болашақта елімізден танымал футбол жұлдыздары шығады деп сене отырып, балаларға армандарына жақындауын тілейміз.