Волейбол – бұл қозғалыс, қозғалыс – бұл өмір

/upd/2015/0822/144025809455d8982e872d46.63801147.jpg

Волейбол (volley – «қалқып ұру», ball – «доп») – ойын спорты. 1985 жылы Америка Құрама Штаттары колледждерінің бірінде доктор Уильямс    Морган жаңа ойын ойлап тапты. Ол «Волейбол» деп аталады. Бұл сөздің дәл мағынасы «әуедегі доп». Бұл ойын тез арада өз қолдаушыларын тапты. Волейболдың дамуының бірінші кезеңі 1895-1920 жылдар. Бұл кезде ойын көрермендер алдында өткізіліп командаға біріккен ойыншылар өзге спорт түрлеріндегідей формалар киіп шығатын. Кешікпей волейболды Орталық және Оңтүстік Америкада, Куба, Перу, Бразилия, Урагвай және Мексика елдерінде ойнай бастады. Соған қарамастан волейболдың қанаты қатая берді. Европа мен Американың көптеген елдерінде ол жетілдіріп, ережелері нақтылана түсті. Командаға ойыншылар саны алты адаммен шектеліп, алаң көлемі 9,1х18,2 м. ұлғайды. Тор 243 см. биіктікке орнатылып, допты үш рет қана кідіріссіз соғуға рұқсат берілетін болды. Ұпай саны 15-ке дейін (есеп 14:14 екі ұпай артық болуы керек) есептелді. Матч үш партиядан тұрып, жеңімпаз атану үшін оның екеуін ұту белгіленді.
Волейболда төрт техникалық тәсіл бар: допты бір-біріне беру,ойынға қосу, шабуылдай соғу, тосқауыл қою.
Волейболдың пайдалары:
- Денені шынықтырады.
- Ортақтасуды, ұйымшылдықты, бір-біріне жәрдем беруді үйренеді. Нәтижеге қол жеткізу үшін өзгелерге мұқтаждығын сезінеді.
- Белгілі бір уақыттың ішінде мақсатқа жету үшін әрі епті, әрі шапшаң қимылдауды үйренеді.
- Уақытты үнемді пайдалануды, алдына жоспар құруды үйренеді.
- Топ жетекшісіне  бағынуды үйренеді.
- Жауапкершіл болуды үйренеді.
- Достық қарым-қатынасын нығайтады.