Баскетбол - доппен ойналатын командалық спорт ойын. Баскетбол сөзінің мағынасы «basket-себет, boll-доп» дегенді білдіреді. Яғни командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Дене тәрбиесі жүйесінде баскетбол ойынының маңызы зор. Балаларға қажетті дағдыларды иемден отырып, өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге, денсаулықты сақтауға, көңіл көтеруге мүмкіндік береді. Баскетбол ойынымен балалар (өз жастарына лайықты құрал жабдықтарды қолдана отырып) 9-10 жасынан бастап айналысуына болады. Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Джеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан. АҚШ-тан бастау алған баскетбол ойыны бірте-бірте Шығыс елдеріне таралды. Баскетбол 1924, 1928 жылдары олимпиада бағдарламасынан орын алды. 1932 жылы Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) құрылды.
Пайдалары:
Денені шынықтырады.
Жүрек ауру қауіпін азайтады.
Зат алмасу процесін жақсартады.
Қан айналым жүйесін жақсартады.
Ұйымшылдықты үйретеді.
Жауапкершілікті болуға ынталандырады.
Өзіне-өзі сенімшілік, шешім қабылдау, лидерлік қабілеттерді арттырады.
Бойдың өсуіне көмектеседі.
Ойыншыларға кеңес:
Жарыстың алдыңда міндетті түрде бой қыздыру жаттығулары жасалу керек.
Ойын кезінде жүзік, білезік, алқа секілді бұйымдарды шешіп тастаған жөн. Себебі қолға, саусаққа және өзгелерге зияны тиюі мүмкін.