Бөлмеге сыйған әлем - жасуша

/upd/2014/0624/140358640853a90768d3afe7.35230168.jpgАдамның ең кішкентай бөлігі
Егер микроскоп сияқты көзілдірік болғанда, денеміздің бір мүшесіне қараған кезде, сол мүшенің миллиондаған майда-майда құтылардан құралғанын көретін едіңдер.
Құты+құты=Жасуша
Міне қазір өздеріңмен танысу уақыты! Микроскобпен көрген кезде майда құтыдай болып көрінетін құтышалар, бүкіл адамдарда бар және адамдардың ортақ ерекшеліктерінен болған жасушалар болып табылады.
Өзі кішкентай, қызметі үлкен
Жасуша – жанды заттардың құрылысы және атқаратын қызметі жағынан ең кішкентай бөлігі болып табылады. Яғни жанды заттардың өзіне тән ерекшеліктері сақталатын ең кішкентай бірлігі.
Нүктеден әлемге
Бүкіл жанды заттар бір немесе одан да көп жасушадан құралған. Микроскобтан басқа нәрсемен көрінбейтін амеба, эвгленалар, парамецилер сияқты тек бір ғана жасушадан құрылған жанды заттардан бастап, өте күрделі құрылған адамға дейін бүкіл жанды заттар жасушалардан пайда болған.
Ерекшеліктері:
Жалпы бүкіл жасушалардың құрылысы бірдей болады, бірақ тәуелді болған ұлпасына және функциясына қатысты кейбір ерекшеліктерге ие болады.
Бәріміз бірі үшін
Жасушалар ұлпаларды (сүйек ұлпасы, бұлшықет ұлпасы), ұлпалар органдарды (жүрек, асқазан), органдар жүйелерді (қанайналым жүйесі, жүйке жүйесі), ал жүйелер бірігіп жанды организмды қалыптастырады.
Бұл санда да бізге берілген беттің соңына жеттік: (Жасушаның бөлімдері түсіндіре алмайтындай ұзын. Жоғарыда айтылғандарды тек танысу бөлімі деп есептеңдер. Келесі санда шайларың мен бәліштеріңді дайындаңдар. Біз тағы осында боламыз, күтеміз)