Кәукейім менің, алтын бесік киелім
Ұлықтаймын, бір өзіңді сүйемін.
Тіл тигізіп кемсіткен жан ендігі
Ұшырайды- ау кепетіне киеңнің.
Кіндік қаным тамған жерім, тұмарым,
Алтын мекен, жер жәннәті, жұмағым.
Сағынысып көріскенде өзіңмен
Басылмайды саған деген құмарым.
Көрсе адамдар таңырқап, таңқалатын.
Қойнауыңда толып жатқан қара алтын.
Шамшырағың болайыншы мен дәйім,
Жарық беріп, нұрландыра жанатын.
Жаурағанда сен жылытып, қымтадың
Мен тек сенің тұлпарыңмын, сұңқарың.
Өзің барда керек емес байлықтың,
Керек емес дәулеті де сұлтанның.
Байсалбай Гүлсезім 14 жаста
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы,
Кәукей ауылы