Жетемін десең мұратқа,
Байрағыңды құлатпа.
Кір келтірме ешқашан,
Қазақ деген ұлы атқа.
Мұхамбетсапар Әмина, 12 жас
Түркістан қаласы, 30 жылдық ауылы
Анама
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Бала үшін оянған.
Аналардың құшағы,
Тек балаға арналған.
Алтаев Мақсат 9 жас Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылы