Жарық энергиясымен жұмыс істейтін пернетақта
Өзіне электр энергиясын күн энергиясынан немесе бөлмедегі жарық энергиясынан өндіретін кабельсіз пернетақта (клавиатура) өте тиімді дизайнмен жасалынған.
Ыдыс-аяқ жуатын қол машинасы
Шұңғылшаның ішіне ыдыс-аяқты қатарластырып қоюға арналған құрал орналастырылған. Сол жақтағы қосу/өшіру түймесімен суды қосу арқылы қалағанымызша жуа аламыз. Қаншалықты таза болып шығатыны белгісіз. Бірақ ысқылаудың пайдасы бар.
Қолайлы шаш күтімі
Шаштараз салонында отырғандай басыңызды машинаға қарай жастайсыз. 15 минуттың ішінде шашыңыздың көлемін өлшеп, жылы сумен жуып, силиконды саусақтарымен сусабынмен көпіртіп, таза сумен шайып, бас терісіне массаж жасап, шашыңызды кептіріп береді. Шашыңыз осымен дайын!
Романтикалық велосипед
Сезімін жолға жазып-сызу арқылы көрсетуді қалайтын жастар үшін керемет дизайн. Оның дөңгелектері жолға нақыш салумен қатар дөңгелек қанатшасының астында орналасқан бояу қорапшаның арқасында нақыштарды түрлі-түске бояу арқылы әсерлі бір із қалдырады.
Флеш карталы сағат
Қалаған уақытта қолдану үшін сағатқа орналастырылған флеш карта тасымалдау мақсатымен құрастырылған. Сонымен қатар жасырын USB құрылғысы бар бұл сағатты компьютерге жалғап, мәліметті оңай тасымалдай аласыз және өзіңізбен бірге де алып жүре аласыз.
Кептеліске жол жоқ
Жол кептелісінде бір көліктің екінші көлікке жақындай бергенде тежеуішін басуы және арттағы көліктің де соған сәйкес тежеуішін басып үлгеруі қазіргі таңдағы ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Екінші бір көліктен озған кездегі орташа жылдамдығын анықтайтын және автоматты түрде артқы және алдыңғы көліктердің арасындағы қашықтықты көрсететін Бейімдемелі жылдамдық сақтау жүйесі (АСС- Adaptive Cruise Control, Адаптивный круиз-контроль) жол апатын алдын алудың бірден бір құралы болып табылады.