Еңбек. Анашым. Туған жер

/upd/2016/0519/1463652088573d8ef849c019.21709728.jpg

Иығына арқан сап арба айдаған,
Еңбексүйгіш адамға таңдай қағам.
Қол-аяғы аман сау бола тұра,
Жалқауланып жатқандар қандай жаман.

Сақтеміров Қанат Оралбайұлы

Анашым
Анашымның арқасы 
Осы өмірге келгенім.
Анашымның арқасы 
Шалқып ойнап жүргенім.
Анашым!
Ананың орны бөлек қой,
Әрқашан да аман болшы,
Анашым!

Нұрғалиева Лариса 12 жас
Атырау қаласы

Туған жер
Туған жерім, алтын бесік, ардағым,
Мақтанышым ең әдемі қазағым.
Туған жерім, алтын ұям мекенім,
Мәңгі бақи сені қостап өтемін.
Өнерлі ел, сен менің ардағымсың,
Кеңпейіл ел, сен менің қазағымсың.

Тілейхан Махаббат 11 жас
Көкшетау қаласы, Ақмола облысы, Колутон ауылы