Лентадан әдемі гүл жасау

      Бұл гүлді жасау үшін бізге мынадай материалдар қажет болады.
1- Екі түрлі-түстегі атлас ленталары. Мысалы, қызыл және ақ тустерді пайдалансаңыз, екеуінің көлемі екі түрлі болуы керек. 5 және 4 см
2- Қайшы
3- Ине мен жіп
4- Сәндеу үшін 1 дана түйме


/upd/2014/0520/1400571435537b062be6d534.13387819.jpg 1)  Алдымен ленталарды гүлдің жапырақтар санына қарай кесіп аламыз. Бізде 5 жапырақ болады. Сондықтан қызыл лентадан 5 дана және ақ лентадан 5 дана квадрат пішінде кесіп аламыз.  Ақ лентаның көлемі қызыл лентадан сәл кішілеу болуы тиіс. 
/upd/2014/0520/1400571507537b0673e1e5e4.17066722.jpg  
2)  Екі лентаны алып, диагональ бойынша бүктейміз. 
/upd/2014/0520/1400571573537b06b5b3e910.23374540.jpg 
/upd/2014/0520/1400571607537b06d79ee199.27968238.jpg   
3)  Диагональ бойынша бүктелген қызыл лентамыздың үстіне ақ  лентаны қоямыз. Жұмысымыз  ары қарай оңай болу үшін инемен қадап қоямыз.
/upd/2014/0520/1400573299537b0d737bbca6.60878663.jpg 
4)  Екі лентаның да бұрыштарын жоғары қарай бүктейміз.
/upd/2014/0520/1400573327537b0d8f5aba64.92094220.jpg 
5) Кейін келесі бұрышын бүктейміз.
/upd/2014/0520/1400573360537b0db09008f4.32347842.jpg 
6) Енді лентамызды ортасынан сыртқа қарай бүктейміз
/upd/2014/0520/1400573383537b0dc7687989.29030533.jpg 
7) Сол жағындағы бұрышты ұстап тұрып, оң жағындағы бұрышты көзбен шамалап қырқамыз.
/upd/2014/0520/1400573449537b0e091ffd15.45152273.jpg 
8) Жақсылап ұстап тұрып, жоғарысындағы ұшын қырқып тастаймыз.
/upd/2014/0520/1400573476537b0e24f180d3.70806614.jpg 
9) Енді бас жағын сіріңкемен күйдіріп жабыстыруға болады. Бырақ  қауіпсіздік үшін оның бас жағын іне жіппен тіккен дұрыс.
/upd/2014/0520/1400573824537b0f8028a862.09462826.jpg 
10) Тіккеннен кейін мынадай көріністе болады. Бұл төменгі жағы.
/upd/2014/0520/1400573949537b0ffd5a05b5.60577458.jpg 
11) Ал мынау жоғары жағы. Әдемі көріну үшін ішіндегі ақ жапырақшаны қолмен тегістеп қою керек.
/upd/2014/0520/1400573542537b0e6648b934.43315655.jpg 
 12)  Дәл осы жолмен қалған төрт жапырақшаны дайындап аламыз.
/upd/2014/0520/1400573979537b101ba7da03.70022807.jpg 
13) Енді барлық жапырақшаларды тігіп, жинақтаймыз.
/upd/2014/0520/1400574002537b1032e743e4.35843755.jpg/upd/2014/0520/1400574023537b104771d930.05741013.jpg 
14) Гүліміздің жапырақшаларын жинағанда артынан мынадай көрінеді.
/upd/2014/0520/1400574055537b10670ba842.66458103.jpg  
15) Ал мынау беткі жағы.
/upd/2014/0520/1400575019537b142bd191d0.24961647.jpg  
16) Гүліміздің төменгі жағын домалақ пішінді лентамен қаптап, тігіп қоямыз.
/upd/2014/0520/1400575040537b14401eb509.08602716.jpg 
17) Жұмысымыздың соңында гүліміз әдемі көріну үшін сәнді түймемізді ортасына қадап қоямыз.
/upd/2014/0520/1400575064537b14584c8014.48199502.jpg 
Міне гүліміз дайын.
/upd/2014/0520/1400575094537b147601ad86.67098895.jpg 
Мұндай гүлдермен, көйлектерді, себеттерді және шашқа арналған қыстырғыштарды сәндеуге болады.

Дереккөз: www.mirtvorchestva.net