Бейбіт елдің ұланы,
Оттай лаулап жанамыз.
Бұл бақыттың ұраны,
Біз бақытты баламыз.
Айтқан тілді аламыз.
Үлкендерді сыйлаймыз,
Тентек бала болмаймыз.
Таңда ерте тұрамыз,
Беті қолды жуамыз.
Кір-қоңдарды қуамыз
Біз ұқыпты боламыз.
Кесте тоқып, сурет салып
Біз шебер де боламыз.
Тақпақ жаттап, ән айтып,
Біз өнерпаз боламыз.
Біз осындай боламыз!
Біз бақытты баламыз!
Бағдатова Шұғыла Дарханқызы 7 жаста
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Алтықарасу ауылы