Әкем менің - айбынды асқар тауым,
Біз ғой - өзің өсірген бақша-бауың.
Жырақ кетсең ұл-қызың сағынады,
Біз ғой сенің шырқалар әсем әнің.
Әкем менің асқар тауым, тірегім,
Сен мен үшін қымбат жансың білемін.
Мен есейіп кетсем дағы қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.
Шаршаса да сыр бермеген әкешім,
Сен мен үшін Асқар таудай әкесің.
Өнегелі, ақыл берген қызына,
Кім сүймейді асқар тауын- әкесін.
Бағдатова Шұғыла Дарханқызы 7 жас
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Алтықарасу ауылы