«Қарактер» дейді ғой қазақта, «Мінез» екен дұрысы!
Мінез - деген бұл адамның айрылмастай бір қосы,
Бірде қастай зиянды, бір кездері жан досы,
Кейде шырай, кейде бұлт, түсінбедім мен осы!
Мінез – деген керек кезде абыройды көтерер
Бұл ғажайып тұлпар екен мақсаттарға жетелер
Ауырлықтың бәрін артар, ол бір алып қара жер
Мінез егер мықты болса, белес емес мұң мен шер
Ілезде ғана өзгереді, елорданың райындай
Бүгін тұлпар болса дағы, болар ертең доңыздай
Шөмішпенен төгеді кеп, сый-абыройды аямай
Жинасаң да қасықпенен, уақытты жұмсап талай
Мінез деген міні емес, қайта адамның байлығы
Жаратқанның оған берген аса құнды сыйлығы
Тек керегі бұл сыйлықты дұрыс түрде қолдану
Болар сонда адамдардың «Адам» деуге сайлығы!
Ерден Жақсылық 21 жас
Сәтбаев қаласы