Менің атым Шұғыла. Жасым 7-де. Менің отбасымда әкем, анам және інім бар. Әкем аты Дархан, ол құрылысшы болып жұмыс істейді. Ал анам - Гүлжазира мектепте мұғалім, физика пәнінен сабақ береді. Інім - Айдос, жасы 2-де. Ол өте ақылды және сүйкімді бала. Мен сабақтан келгенде, алдымнан жүгіріп шығып, "Апатай" деп құшақтайды. Мен бос уақытымда інімді ойнатамын және ертегі айтып беремін. Біздің "Ақтабан" деген күшігіміз бар. Інім екуіміз оны тамақтандырамыз және онымен ойнаймыз. Қолым бос болғанда анам маған түрлі қолөнер жасауды үйретеді. Мен "Балалар әлемі" электронды журналының "Қолөнер" айдарынан қарап, түрлі заттарды жасауды үйрендім. Және ермексаздан жасаған суреттерім мектептегі көрмеге қойылып, марапаттауларға ие болдым. Мен анашымды, әкемді үлгі тұтамын және бауырымды өте жақсы көремін.
Бағдатова Шұғыла Дарханқызы 7 жаста
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Алтықарасу ауылы