Балалар, белгілі орыс жазушысы Николай Носовтың «Жан біткен қалпақ» деген әңгімесіндегі оқиғаға ұқсас жағдай менің де басымнан өтті. Ол былай болған еді:
Бір күні мен ата-анамның жатын бөлмесіне кіре қалдым.
- Әбдіахмет, менің бөркімді ала келші, - деді анам мені көріп. Әдетте жатын бөлмеде телевизор үстіндегі банкаға кигізіліп тұратын маманың қара құндыз бөркі орнында жоқ. Жан-жағыма қарап іздеп тұрсам, бас киім дәліздегі еденде жатыр екен. «Бұл неге еденде жатыр» деп ойладым да жүгіріп барып бөрікті ала бергенімде оған жан бітіп, зып беріп қаша жөнелді. Шошып кеттім. Сөйтсем, ол маманың бөркі емес, бас киімге ұқсап домаланып еденде ұйықтап жатқан үйдегі қара мысық екен. Соны білгенде ғана менің жүрегім орнына түсті.
Әбдіахмет Қожамқұлов.
Астана қаласы, №8 орта мектебінің 4 сынып оқушысы