Ғарышкер Джон Гленн, ғарыш туралы және өзінің әсерлерін былайша айтып берді: Белгілі болғанындай, жарықтың жылдамдығы секундына 300 мың км, яғни бір секундта жер бетін 7 рет айналады. Әлемнің үлкендігіне бір көз тастасақ, таңданысымыз одан әрі арта түседі. Өйткені, галактикамыздың диаметрі шамамен 30 000 жарық жылына тең және өз орбитасында 200 миллион жарық жылымен айналуда. Күн жүйесінің қандай алып құбылыс алаңы екенін, білмеймін түсіне (елестете) аласыздар ма? Бұл галактиканың сыртында тағы миллиондаған галактикалар бар. Барлығы таң қаларлық жүйеде, бір-бірінен қашқандай айналуда. Телескоппен төрт бағытымызға қарап әлемнің өлшемін бергіміз келсе, кем дегенде екі миллиард жарық жылы ұзындығында екенін айта аламыз. Сонымен қатар, ең кішкентай бөлшек болып саналатын атомның құрылысына қарап көрейік. Бұл кішкентай бөлшектер де, күн жүйесіне ұқсас болып, бұл екі жүйе құрылымы жағынан бір құдіреттің туындысы екені байқалады және құдды жұлдыздар сияқты, бір ядроның айналасында, тұрақты бір схема бойынша айналып тұрғаны, әлгі құдірет үшін үлкен мен кішінің айырмашылығы жоқ екенін дәлелдеп тұр. Ал енді біздер, ракеталарды ұзақтан бақылайтын күштің әсерін, өте айқын көріп, қабыл ете тұра, күнді және бүкіл жұлдыздарды, жасушадағы атомдардың кеңістікте үздіксіз айналдырған құдіретті қалайша жоққа шығара аламыз? Тіпті кейбір кіп-кішкентай ракеталарды игере алмай жүріп, ақылға сыймайтын жылдамдықтағы және үлкендіктегі жүз миллиардтаған шоғырдың, тіпті кішкентай да қате жібермей айналып жүруін қалайша кездейсоқтық дей аламыз? Мен жеке өзім, тек қана мынаны айтумен қанағат етемін: «Ғарышқа шығып сол тамаша көрініс алаңын көргеннен кейін, “кездейсоқтық” сөзін аузыма алуға ұяламын.»