Полюстердегі аю аңшылары мұздардың арасына ұстарадай өткір балтаны орнатып, өткір жүзіне біраз қан жағып қояды екен. Мұны білмеген аю қанды жалаған кезде тілі кесіледі. Бірақ қанның дәмінен тілінің ауырғанын сезбей, өз қанын өзі жалай беріп, тамырларындағы қан таусылған кезде тұрған жерінде сылқ түсіп құлайды екен. Осылайша аңшы еш оқ атпастан, аюды оңай жолмен қолға түсіріп, терісін өте қымбат бағаға сатады екен. Егер мылтықпен ататын болса, аюдың терісі тесіліп, қымбат бағаға сатылмайтын еді. Сол себепті осы жолды қолданады екен.