Жаңылыс кеткен электронды хат

/upd/2016/0608/14653790385757e8de720b11.09798073.jpg

АҚШ-тың Калифорния штатында болып тіркеуге алынған оқиға папкасынан үзінді: Іс сапармен келген бір кісі қонақ үйге тіркеледі. Бөлмесіне кіргенде стол үстінен компьютерді көріп әйеліне (е-mail) хат жіберуді ұйғарады. Бірақ жазған хатын өзі байқамай басқа бір адреске жібереді. Дәл осы кезде басқа қалада бір әйел күйеуінің жерлеу рәсімінен үйіне қайтқан болады. Столының үстіндегі компьютерінен өзіне қателесіп келген хатты көреді. Достарының көңіл айтып жіберген хаты болар деген оймен ашқан әйел хатты оқуымен талып қалады. Бөлмеге кірген анасы жерде жатқан қызын және экрандағы хатты көреді.    
Кімге: Сүйікті жарыма
Тақырып: Енді жеттім
Күні: 16 мамыр 2004
     Менен бұлай хабар алғаныңа қатты таң қалатыныңды білемін. Мұнда компьютер бар екен, сүйіктілерімізге e-mail жіберуге болады екен. Бұл жаққа енді келдім, тіркеліп кіріп отырған бетім осы. Бұл жерде барлық нәрсе назардан тыс қалмаған екен, ертең сенің де келетінің жоспарға алынып, дайындығы жасалып қойылған. Сенімен осында кездесуді асыға күтіп отырмын. Мен сияқты сен де оңай жол жүріп келерсің. Сені сағына күтемін, Күйеуің!