Соңы не болады?

/upd/2015/0820/144008265155d5eadb1816f1.86409280.jpg

      Бір патша уәзіріне: «Маған сондай бір нәрсе жаса, қиналғанымда, соған қарап рахаттанайын, ашуланғанда соған қарап басылайын, патшалығыммен тәкаппарланғанымда соған қарап қарапайым болайын.»- дейді. Уәзірі: «Бір жүзік жасатыңыз, бетіне “Соңы не болады” деп жаздырыңыз! Әлгі халдер қаптай бастағанда жүзігіңізге қараңыз!»- дейді. 
  Патша жүзік жасатады. Патшалығымен тәкаппарлана бастағанында сол жүзікке қарайды, иелігіндегі ниғметтер мен биліктің «Соңы не болады екен» деп ойланады. «Әлбетте соңы өлім. Қияметте барлық нәрсенің есебі, сұрауы бар. Жамандыққа қолдансаң азабы бар!» дейді, тәкаппарлықтан құтылады. Қиыншылыққа тап болғанында да жүзігіне қарайды, «Егер өлім бар болса, мұңаю бекер!» деп көңілі жай табады. Ашуланған кезінде де «Соңы не болады» жазуын оқып, «Соңы өлім болғаны үшін, ашулансам не пайда» дейді де, ашуы тарқайды. Олай болса, әр нәрсенің соңын ойлау керек және соған қарай әрекет ету керек!