Пластилиннен жасалған

     Қажетті құралдар:
Сүретті салуға арналған шыны әйнек, Пластилин, Скотч, Әйнектің  бетін сүрту үшін орамал. Жұмыс барысында қолымызды әйнек кесіп кетпеуі үшін, алдымен  әйнектің шетін скотчпен жабыстырып аламыз. 
/upd/2014/0306/139411311053187a569efe03.44473397.jpg 
Қалаған  суретімізді әйнектің астына қойып, сол сүретті әйнекке сызып аламыз немесе өз қолымызбен де  сурет салсақ болады.
 
/upd/2014/0306/139411312653187a66c11892.41827549.jpg 
Біз өз жұмысымыз үшін клоун суретін алдық. Сурет салынған кағазды айнектің астына қойып, оны қара маркермен сызып аламыз.
 
/upd/2014/0306/139411314253187a76f2e767.38998533.jpg 
Енді әйнектегі суретті бояп шығуымыз керек. Ол үшін  қажетті түстегі пластилинді алып әйнекке жабыстырамыз. Алдымен ең кіші детальдардан бастаған жөн. Алдымен көзден бастайық.
 
/upd/2014/0306/139411315853187a866d16c3.79734331.jpg

Егер пластилин қорабында сізге қажетті түс табылмаса, 2 пластилинді қоса отырып жаңа түс шығаруға болады. Мысалы бізге  ақ қызғылт түс қажет болды. Бұл түсті шығару үшін біз ақ пен қызғылтты араластырып, кажетті түсті шығардық. Бұл клоунның жүзі болады.
 
/upd/2014/0306/139411317553187a976ee0e2.06196988.jpg 
 Жұмыс барысында картинаның оң жағын өзімізге қаратып алып, пластилинді артынан жаққанымыз дұрыс. Өйткені картина әрі әдемі және де ұкыпты жасалынады.
 
/upd/2014/0306/139411320553187ab5431580.92537895.jpg 
Міне артынан былай көрінеді. Әрине укыпты емес, бірақ бізге оң жағының әдемі болғаны керек.
 
/upd/2014/0306/139411324953187ae1e5a070.94875420.jpg 
 Жұмысымыз дайын. Картинаның фонын әртурлі түсте немесе ақ түсте қалдырсақ та болады. Біз клоунға сары түсті таңдаймыз.
  /upd/2014/0306/139411332953187b3124d451.55768805.jpg 
 Ал енді шетіндегі скотчты қолымызды кесіп алмай, абайлап аламыз. Оның артына фонымызды қойып, картинаға ілсек те болады. Кейін бетін орамалмен немесе шүберекпен сүртіп шығамыз.
 
/upd/2014/0306/139411336953187b59cf0c61.61281476.jpg 
 Міне, суретіміз дайын.
 
/upd/2014/0306/139411342253187b8e1fbd79.99456835.jpg

 
Дереккөз: "kladraz.ru"