Адамның миы

/upd/2015/0824/144043041955db39530bb090.73058537.jpg

     Адамның миы 1,5 кг шамасында. Ал пілдің миының салмағы 5 кг. Бұдан көретініміздей мидың салмағының ауыр болуы қабілетін көрсетпейді. Мидың қабілеті кейбір кітаптарда жазылғанындай қыртыстарының көп болуына да байланысты емес. Өйткені кейбір балықтардың ми қыртыстарының саны адамдікінен де әлде қайда көп. Адам миының 100 миллиардтаған жасушасының әр бірі әлемдегі ең дамыған микроскобик компьютерлдерден де жоғары сапа мен сыйымдылықта жұмыс істейді. Сондай-ақ адам ми қабілетінің 10 пайызын ғана қолданады. Әйтсе де адам миының сырлары әлі күнге дейін түгелдей ашылған емес. 100 миллиардтаған ми жасушасы мен бұлардың арасындағы 100 триллиондаған «байланыстардың» барлығын «кодтау» яғни құрылымын анықтау көптеген жылдарды қажет ететіндігі түсінілуде. Ми – алып компьютер және алып электростанциямен параллель жұмыс істейтін химиялық зауыт іспеттес. Мидағы әр жасушадан электр желілеріне ұқсас байланыстар шығады. Мидың триллиардтаған осындай байланыстарынан шығатын сигналдардың әр бірінің дұрыс бағытпен қатесіз ілгерілеуі нысанаға жеткенде химиялық әсерленуі және сарапталуы таңғажайып үйлесімділік екендігі сөзсіз.