Сүт пен қаймақ зиянды ма?

/upd/2016/0609/146545519157591257022ad0.15290138.jpg

Сүт өте пайдалы азық бола тұра пастеризациялау, ультрапастеризациялау (UHT) және гомогенизациялаумен зиянды өнімге айналады. Сақтау мерзімін ұзарту үшін жасалған пастеризациялау мен UHT кейбір ауру тудыратын бактерияларды жоюмен қатар пайдалы бактерияларды да жояды. Пастеризация сүттің витамин және минералдармен байытылуына кедергі болып, ас қорыту ферменттерін бұзады. Бұзылған және қорытылмаған протеин бөлшектері, ішектен қанға өтеді, ал ағза бұларды дұшпан ретінде қабылдайды да иммунды жүйе бұзылады. Сүттің ішіндегі майы мен протеині алынғанда, май мөлшері реттелген, яғни қаймағы алынбаған сүт, жартылай қаймағы алынған сүт, майлылығы  2%, майлылығы 1%, қаймақсыз және осыған ұқсас өнімінің түрлерін шығаруға мүкіндік туады. Осылайша майлар және холестерин туралы қорқытылған халыққа сөз жүзінде пайдалы таңдаулар ұсынылғанымен қоса, бұл сауданың басым бөлігіне иелік етіп, табыс үстіне табыс қосылған болады. Бұрындары аналарымыз айранды үйлерінде ұйытатын еді. Бүгіндері қолдан айран ұйытатын аналар өте аз. Ұйытса да тәттінің тұтқынына айналған балалар бұл айранға жолай бермейді. Көптеген дәрігерлер жүрек ауруларының алдын алу үшін сүт сияқты қаныққан және халестерині аз майларды тұтынуды ұсынады. Ал жасалған зерттеу жұмыстары оның терісін көрсетуде. Мемлекетімізде көптеген жерлерінде сары май, қаймағы алынбаған айран тұтынуларына қарамастан 90-100 жастан асқан адамдар бар. Кейбір дәрігерлер бұл жағдайды генетиқалық деп түсіндіруге тырысса да, сол адамдардың немерелері қалалы жерде жас кезінен ұстамалы жүрек ауруына шалдығулары генетиқалық фактордың оншалықты маңызды еместігін айқындауда. Африкалық Самбурулар (Кения) күніне 6-7 литр шикі сүт және жарты келі ет тұтынады. Бұларда коронарлы жүрек ауруы кезікпеген. Жазық далада мекендейтін Кениялық Масаилер күніне 2 литр шикі сүт, 1-2 келіге дейін ет тұтынады. Осыған қарамай орташа есеппен қан құрамындағы холестерин деңгейі өте төмен және коронарлы жүрек ауруынан өлу қауіпі 0-ге жақын. Сомалиде тек сүтпен қоректенетін тайпаларда коронарлы жүрек ауруы еш кезікпеуде.