Велосипед. Жаз

/upd/2017/1230/15146310685a476f9cab06d7.50985607.jpgДемалысқа шықтық. Мəз болып асыр сап жүрміз. Папам велосипед сатып əперді. Түсі туымыздың түсіндей. Мен оны тез меңгеріп алдым. Маған қатты ұнады. Мен велосипедіммен бұзау қараймын, өзенге шомылуға барамын. Балалармен жарысамыз. Велосипед – өте ыңғайлы көлік. Оны күтіп ұстасаң жолда қалдырмайды.

Ораз Əлкей 10 жас Ақтөбе облысы Алтықарасу ауылы

***

Жаз мезгілі. Құстар сайрап ұшып жүр. Жаз да жазғы демалыс басталады. Балалар қуанады. Олар кейде түскі тамақ ішуді ұмытып кетеді. Балалар далада асық, секірмек, тағы басқа ойындар ойнайды. Жазда қарбыз, қауын піседі. Балалар оларды тойғанша жейді. Жазда шөп шабады. Балалар сабаққа дайындалады.

Тоқтар Сания 9 жас Үштөбе қаласы