Күш түсіргенде бұлшық еттер неге ауырады?

/upd/2015/1128/14486984295659623d3a74b1.77278492.jpg

    Ұзақ уақыт бойы дене шынықтырумен айналыспаған адам ауыр жұмыс істеп, денесіне күш түсірсе денесінің ауыратынын жақсы біледі. Себебі бұл ауру 5-6 сағаттан кейін басталып, келесі күні артады. Неліктен деп ойласаңдар? Қарқынды жұмыс кезінде бұлшық ет анаэробты режимде жұмыс істеп, оттегі жетіспеушілігінің салдарынан энергия қорын жұмсайды. Анаэробты процесстің соңғы өнімі – сүт қышқылы болғандықтан, егер түсетін күш орташа болса, сүт қышқылы бұлшық еттен қан арқылы шығады. Ал күш ауыр болатын болса, сүт қышқылы бұлшық еттен шығып үлгермей, жүйке ұштарын тітіркендіреді. Сондықтан бұлшық еттеріміз ауырады.
    Бұлшық етті ауыртпау үшін не істеуге болады?
1) Дене шынықтырумен үнемі шұғылдану керек. Мұндай ауру ұзақ уақыт спортпен шұғылданбай, аз уақытта денесіне қарқынды күш түсірген адамда болады. Сондықтан қалыпты жаттығу жасап денені машықтандыру керек. Сонда ғана ауру сезілмейді. Бұл сүт қышқылы өндірілмейді деген сөз емес. Дене әдеттегі күшке үйренген соң дененің бұлшық еті ауырмайтын болады.
2) Бірінші күні денеге бірден ауыр күш түсірмеу керек. Күшті біртіндеп арттыру керек. Көп адамдар жаттығудан кейін дененің ауруын қалыпты жағдай деп санайды. Алайда белгілі бір ауру ағзада белгісіз жағдайдың орын алғанын білдіреді. Яғни бұлшық еттерге шамадан көп күштің түсуін байқатады.
3) Жаттығу алдында денені қыздыру керек. Егер бұған дейін дене ауырып тұрған болса, ешқашан жаттығуды тоқтатпау керек. Өйткені жаттығу жасау ағзадағы зат айналу процесін жылдамдатады. Сондықтан жаттығу қарқынын ғана азайту қажет. Денеге массаж жасау, душ қабылдау – жаттығу барысында жиырылған бұлшық еттерді сергітеді. Мол су ішу – зат алмасу процесін жақсартып, қажетсіз өнімдерді денеден бөліп шығаруға көмектеседі.

Дереккөз: bilim-all.k